Раббым, мені кешірші...
Раббым, мені кешірші...

Раббым, мені кешірші...

Әр таңыма күнде арайлап атқан,

Шүкірлігімнің болмағаны үшін;

Күндерімді ойлап күнәға батқан,

Жанарым жасқа толмағаны үшін;

Өлген бауырымның жегендей етін,

Ғайбат сөзден қалыспағаным үшін;

Өтірік айтуға бүлк етпей бетім,

Шыншылдықтан алыстағаным үшін;

Сүйген құлыңды сынаған сәтіңде,

Қиынға сабыр етпегенім үшін;

Құраныңдағы арабша мәтінге,

Білімімнің де жетпегені үшін;

Иманым қатты әлсіреп кеткенде,

Нәпсімді жеңе алмағаным үшін;

Рамазанда Құран хатым еткенде,

Мешітіңе бір бармағаным үшін;

Тапқан табысым жетерлік болса да,

Садақаны көп бермегенім үшін;

Әлдеқашан балиғатқа толсам да,

Намазға ерте келмегенім үшін;

Раббым, мені кешірші...

 

Мөлдір Ілімбай

Илимбай МолдирИлимбай Молдир
6 жыл бұрын 5640
0 пікір
Блог туралы