Бойжеткен қызға
Бойжеткен қызға

Жөн болады-ау бойжеткен, жабынғаның,

Ұнағаның Аллаға, жағынғаның.

Айтқаныма құлақ ас, қисығынан

Жаратылған болсаң да қабырғаның.

 

Бойжеткен қыз, ораза бізге парыз,

Рамазанда ғайбат жоқ, айту арыз.

Шамаң келіп тұрған соң тым болмаса,

Оразамен Аллаға болма қарыз.

 

Бойжеткенім, бір күні намазға кел,

Соны естіп, шынайы қуансын ел.

Аллаға тәуекел деп жігерлен де,

Намаз баста бекемдеп бір буып бел.

 

Берік қылсын дініңде иманыңды,

Сауап қып садақаға қиғаныңды.

Бойжеткен, берекелі етсін Алла,

Ақыретке қамданып жиғаныңды.

 

Бойжеткен қыз, айтарым осы менің,

Ұмытпағын тілеушің барын сенің.

Аманатын Алланың бағалай біл,

Бірінші зор байлығың - сап-сау денің.

 

Мөлдір Ілімбай

Илимбай МолдирИлимбай Молдир
7 жыл бұрын 3510
0 пікір
Блог туралы