Жақсы жар іздейтін жігіттерге!
Жігітім! Туп-тура осындай қалпыңда, Қабылдар бір қыз бар, ал тыңда! Айтайын мен саған тосылмай, Кетпегін сол қызбен қосылмай! Бар екен дін жайлы жиғаны, Алладан қорқатын иманы. Әуретін көрсетпей жабатын, Көп бала қиналмай табатын. Бес уақыт намазын оқитын, Іс тіге алатын, тоқитын. Ерекше сабырлы, төзімді, Сыйлайтын әрқашан өзіңді. Тарықсаң, қол ұшын беретін, Соңыңнан еркелеп еретін. Ғайбат сөз ешқашан айтпайтын, Қырсықса, айтқаннан қайтпайтын. Қиналған кезіңде демейтін, Періште секілді жебейтін. Өтірік айтуды білмейтін, Орынсыз ыржаңдап күлмейтін. Айтқанға құлағын түретін, Тек сені сағынып...